ads_banner

Атырауда «ҚР үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауына қатысушылардан өтінімдер қабылдануда

Байқаудың мақсаты- мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру, мемлекеттік басқару жүйесінің үздік өкілдерін анықтап, ынталандыру. Байқауға мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі бір жылдан кем емес және алынбаған әкімшілік, тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатысады.

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының орынбасары Руслан Тұңғышбаев хабарлады.

-Өтінім мен сауалнаманы толтырумен қатар қатысушылар «Неліктен мен «Үздік мемлекеттік қызметші» атағына лайықпын?" деген тақырыпта мотивациялық эссе жазулары керек. Байқау екі кезеңнен тұрады. Алдымен аймақтық деңгейде ұйымдастырылады. Үміткерлер агенттік департаментінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуден компьютерлік тестілеу сынағынан өтеді. Тестілеуді жақсы тапсырған қатысушы аймақтық комиссияда әңгімелесуден өтіп, жобалық жұмысын ұсынады, - деді Руслан Тұңғышбаев.

Аймақтық комиссиядан оң нәтиже алғаннан кейін қатысушы екінші кезеңге өтіп, республикалық комиссияға бағытталады.

-Республикалық комиссия жеке жобалық жұмыстарын тапсырған қатысушылармен әңгімелесу өткізеді. Арнайы бағалау талаптары бойынша дауыс беру арқылы жүлдегер анықталады, - деді Руслан Тұңғышбаев.

Айта кетейік, Құжаттар агенттік департаментінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Атырау қ., Азаттық даңғылы 134 «А», кабинет №3, телефон: 45-65-36.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner