Атыраулық жастар А.Назаровпен кездеседі

Бұл кездесу "Жастар жылы" аясында ұйымдастырылуда.

Атырауда 17 қыркүйек күні ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, танымал спортшы Ардақ Назаровпен кездесу өтеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Ел намысы-ер намысы» деп аталатын рухани кездесу «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылуда. Кездесу 19:00-де «Құрманғазы» мәдениет үйінде өтеді. Сонымен қатар, 17 қыркүйек күні сағат 10:30-да «Жалын» мәдениет үйінде Ардақ Назаров Исатай ауданының тұрғындарымен кездесетін болады.

Айта кетейік, ұлт жанашыры, елімізге танымал спортшы Ардақ Назаровпен кездесу үшін кіру тегін.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521