var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Ауданымызда IT сыныбы ашылды

Сыныптың тұсауын «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев пен Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық академияның директоры, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Садуақасова кесті. Сыныптың ашылуына қатысқан «нұротандықтар» балалардың жасаған робот техникаларын, компьютерлік жаңа бағдарламалармен жасап жатырған жұмыстарын көрді. №8 орта мектептің директоры Күләш Қосайқызы IT сыныптардың ашылуына себепкер болып отырған «Нұр Отан» партиясына алғысын айтып, IT-сыныппен таныстырды. IT сынып заманауи компьютерлермен, жоғары жылдамдықты интернет, қажетті веб бағдарламалармен қамтылған. ІТ сыныпта жазғы демалыс кезінде 40 оқушы өз білімдерін жетілдіре алады. Оқыту жүйесі 3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, web-сайт құру бағдарламалары бойынша өткізіледі. Мұнда оқушылар қарапайым алгоритмдерді құруға, еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес бағдарламаларды игеруге мүмкіндік алады.

С.ӘЛИ.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner