ads_banner

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде бәрі арзан

30-31 тамыз күндері "Сарайшық" коммуналдық базарында және "Мұнайшы" стадионында жергілікті тауар өндірушілердің дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жәрмеңкеде көкөністер мен жемістер, жұмыртқа, бал, ет және сүт өнімдері сатылды. Сондай-ақ, жәрмеңкеде жұмыртқаны 23 теңгеден, картопты 90 теңгеден, пиязды 70 теңгеден алу мүмкіндігі болды. Шараға 27 жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері қатысты.

jarmenkeee

- Барлығы 52 тонна көкөніс, 600 келі шошқа еті мен тауық еті, 1 тонна сүт және 50 келі шұжық өнімдері ұсынылды. Көкөністер мен жемістер сұранысқа ие болды, - дейді Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Даулетов.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner