Ауыз су үздіксіз жүретін болады

Ауыз суға қатысты туындаған мәселелерді шешу үшін Жылыой ауданы әкімі А.Б.Бекеттің қатысуымен Қоғамдық кеңес төрағасымен жиын өткізіліп, бірқатар шешімдер қабылданды.

2019 жылы 24 маусымда Құлсары қаласындағы көп қабатты үйлердің пәтерлеріне ауыз судың көтерілмей тұрған жоғарғы қабаттарына су айдағыш құралымен ауыз су жеткізу мақсатында 1 ықшамауданы 19 үйдің жертөлесіне су көтергіш құралы сынама (эксперимент) түрінде орнатылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні 1 ықшамауданының 18,19 үйлердің жоғарғы қабатта орналасқан пәтерлерінде ауыз су үздіксіз жүруде. Орнатылған су айдағыш құрылғысын тиісті мекемелер қызметкерлерімен бақыланып, алдағы уақытта өз жұмысын тиісті түрде атқарған жағдайда, Құлсары қаласы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне демеушілер тарапынан орнатылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521