ads_banner

Қазақтың қыздарының бәрі - әдемі

Байқауға Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті және Қара-Арна, Тұрғызба, Қосшағыл ауылдық округтерінен ару қыздар қатысты. Байқау шымылдығын жүргізушілер Әлібек Амандық пен Оралхан Қарашаев ашып, байқауға төрелік ететін әділқазылар алқасын таныстырды. Әділқазылар алқасының құрамында Өнер мектебінің директоры, жастар жанашыры Г.Қалжанова, «Кең Жылыой» мәдениет үйінің жастармен және балалармен жұмыс бөлімінің әдіскері Ж.Нұрханова және «Кең Жылыой» мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі, әнші А.Қоңыров болды. Байқауда сайыскерлер өзін-өзі таныстыру, салт-дәстүр туралы сұрақ-жауап бөлімдері бойынша жарысты.

Арулар кешкі көйлектерден сән үлгісін көрсетуден де бәсекеге түсті. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Тұрғызба ауылынан келген Әйгерім Алдаберген иеленді. Ал бірінші орын Қара-Арна ауылынан келген Камила Құрманғазықызына бұйырды, екінші орынды Қосшағыл ауылының аруы Гүлжайна Атшығали еншілеп, үшінші орынды Құлсары қаласынан келген Перизат Сәбитова иеленді. Құлсары қаласының аруы Әсем Мәлікқызы «Көрермендер көзайымы» номинациясымен, Жаңа Қаратон кентінен келген Альбина Амангелдиева мен Тұрғызба ауылынан келген Шаттық Бисеновалар арнайы алғысхаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Байқауда ауыл өнерпаздары Ф.Рамазанова, А.Қоянақова, О.Қарашаев т.б. жиналған көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Н.Бөлегенова, Қосшағыл мәдениет үйінің әдіскері

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner