ads_banner

Қажылыққа аттанды

Қасиетті Құран Кәрімде: «Ол жерге баруға шамасы жеткен барлық адамға Алла тағала үшін Қағбаны зиярат етіп, қажылық жасау - парыз»,-деп бастады сөзін қажылық сапарға аттанар жамағат үшін Жылыой орталық мешітінде жайылған дастархан басында оларға ақыл-кеңес берген бас имам Арман қажы Исаев.

Болашақ қажылардың үлкен сапар қарсаңындағы көңіл күйімен бөліскен дінбасы мұсылманшылық парызды өтеу кезінде орындалатын негізгі міндеттерді кеңінен түсіндірді. Қойылған сауалдарға тұшымды жауап қайтарды. Қажылық парызын өтеуге ниеттенген жамағат үшін жастар ақ тілек айтып, қарттар ақ батасын берді. Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Тілеген Кәдіров, қажылар қауымдастығының төрайымы Қалау Қосқұлақова, Құлсары қаласының әкімі Шәкір Кейкин және басқалар жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Болашақ қажылар елдің игі жақсыларына шын жүректен алғысын арнады. Жалпы ауданнан қажылыққа 13 адам аттанбақшы. Бұл сапардың ерекшелігі: биыл Ақтау қаласынан арнайы рейс ашылды. Жылыойлықтар да тамыздың 14-і күні киелі Маңғыстау топырағынан көкке көтеріліп, қасиетті Меккеге табан тіремек ниетте. Құдай қаласа, олар осы айдың аяғында елге оралады деп күтілуде.

Е.ҚОШАҚАНОВ.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner