ads_banner

Қазыналы қала қашықтан көз тартады

Сол секілді Құлсары қаласы да күн санап емес, сағат санап көркеюде. Аудан әкімі Азамат Бекет жас қаланы көркейту үшін тың бастамаларды жүзеге асыруда. Оны күнделікті көзіміз көріп, көңіліміз қуанып жүр.

Бұған дейін ықшамаудандарға қойылған шамдар, жүргізілген асфальт жолдар, жаяу жүргіншілерге арналған белгіге жарықтың орнатылуы тұрғындарды бір қуантып тастаған еді. Енді, міне, Жаңа жыл қарсаңында орталық алаң да өзгеріп сала берді. Әсіресе, мыңдаған шамдары жарқ-жұрқ етіп көз арбаған Махамбет даңғылы бойындағы аспалы жарықты айтсаңызшы?! Құлсарының барша көлігі өтетін тас жолдың үстін бойлай орнатылған шамдар қаланы тіптен өзгертіп жайнатып жіберді. Жарқ етіп жанғаннан-ақ оны ауданның бүкіл тұрғыны тамашалауға асықты. Жастар жапатармағай суретке түсіріп, әсем қаласы үшін мақтануда. Ал астынан көлікпен өтіп бара жатқан адам ертегі әлеміне енгендей сезімде болады.

Одан әрі «QULSARY» деген латын әрпімен жазылған жазу көзімізге оттай басылады.Түрлі-түсті түске енетін туынды ауданымыздың тарихынан сыр шертеді. Онда мұнай барлау партиясының жүр атқан керуені бейнеленген. 1899 жылы қарашада Қарашүңгіл шатқалынан 40 метр тереңдіктен құбыр арқылы алғаш рет мұнай атқылап, Қазақстан мұнайының тарихы осы кезден бастау алғанын көрсетеді.

Ал орталық алаңдағы қос ғимараттың қабырғасына «Qazaqstan» және «Ken Jyloi» металл сұлбалық картасы орнатылды. «Qazaqstan» картасы қос мүйіз, қыңыр мүйіз ою-өрнегімен әсемделген. Ал Жылыой ауданының картасына Құлсары қаласы мен ауылдық округтердің орналасу нүктелері белгіленді. Қос туынды да 3Д форматында салынған, түнде жарығымен қалаға сән қосуда. Сахна алдына қойылған сұңғақ та сұлу шырша биыл жалғыз тұрған жоқ. Айналасына шамдармен көмкерілген шыршалар сол айналаны нұрландыра түскен. Ал асфальт жолға қойылған аркалар көбейіп, түнгі қалаға әдемілік беріп тұр.

 

 

 

Құлсарының суреттері әлеуметтік желіге салынған сайын халықтың да берген бағасының жоғары екенін көреміз.

П.ҚИЗАТОВА.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner