ads_banner

Бұралқы иттер малымызды қуалайды

«Басы ауырмағанның Құдаймен ісі жоқ» дегендей, мен көшеде өріп жүрген бұралқы иттердің зиянын айтқым келеді. Біз зейнеткерлерміз, зейнетақымыздың мөлшері 61 000 теңге. Ол қаражат келте тондай басыңа тартсаң, аяғыңа жетпейді. Сосын азын-аулақ қой-ешкі ұстаймыз, сүтін ішіп, етін жейміз.

Ал көшеде өріп кеткен бұралқы иттер болса, осы еңбегімізді еш етіп, алдымызға салып отырған уақ жандығымызды қаздай қуалап, жаудай тиіп отыр. Кешке иттерден қорқып, бытырай қашқан малымыздың қай қораға кіріп кеткенін байқамай қаламыз, сосын іздеу салып жүргеніміз. Осы бұралқы иттер жүндері жұлым-жұлым боп, арасында қотыры да бар шығар, айналаны ластап жүргені былай тұрсын, адамға, малға кесірін тигізіп тұр. Осыны жауапты мекемелер неге қадағаламайды? Әрі ит ұстаған адамдарға айтар ұсынысым да бар еді: иттеріне заңды түрде құжат алып, үйінде шынжырлап ұстағаны жөн.

Несібелі Әбуова, «Барлаушы» қалашығының тұрғыны

Сурет: Ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner