Балалар ойнамаса, қалай өседі?

Құлсары қала атағын алғалы тұрғындар үшін әлеуметтік нысандар салынып жатыр.

Жасалып жатқан жұмыстарға өкпеміз жоқ. Айтпағымыз – болашағымыз бүлдіршіндерге жағдай жасау мәселесі. Қазіргі кезде қаламыздағы көпшілік көшелерге тақтайдай тасжол төселген. Тасжолдың бойымен жүретін жүйткіген көлік те көбейіп келеді.

Бірі жол ережесін сақтаса, бірі жылдамдықты асырып жатады. Осындай кезде жол бойына шығып кететін бүлдіршіндерге алаңдаймыз. Иә, сіздер «балаларды ата-анасы қарау керек, арнайы орындарда ойнатсын» деген ақыл айтарсыздар. Ол дұрыс, дегенмен біздің «Достық» ықшамауданында балалар ойнайтын алаң жоқ. Сондықтан велосипед, гироскутер, ролик тебу үшін тасжолдың бойына шығып кетіп жатады. Өткен жылдары бір шағын аяқдоп алаңы салынды. Биыл 4-учаске мен «Достық» ықшамауданы ортасынан тағы бір кіші аяқдоп алаңының құрылысы жүріп жатыр. Бұл да тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануы үшін керек нысан. Алайда бұл жер кішкентай бүлдіршіндерге арналмаған. Сондықтан біздің «Достық» ықшамаудандағы бос жатқан алаңдарға талапқа сай балалар ойнайтын алаңдар салынса дейміз.

Қ.ҚОЖАНАЗАРТЕГІ,

қала тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521