ads_banner

Баланы жастан...

Адамдықтың парызын перзентінің көкірегіне құйып, іс-әрекетін қадағалап отырған. Қазақ баласының санасына қарнының қамын емес, халықтың қамын ойлауды о бастан-ақ сіңіріп өсірген. Осы қасиеттердің барлығын бала санасына ертеден құя білген қазақ халқы он бестегі ұланына ел басқартқан, шешендік сөз өнеріне қатыстырып, тәлім берген. Өткен аптада аудан әкімдігінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiнде аудандық комиссиясының биылғы жылға алғашқы отырысы өтті. Оны аудан әкімінің орынбасары, аталған комиссия төрайымы Ф.Ахметова жүргізіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Отырыста жыл басы болғандықтан комиссия құрамы қайта қаралып, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар берілді. Аталған комиссия құрамына ауыл әкімдері, діни басқарма өкілдері, спорт саласы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қосу туралы ұсыныстар айтылды. Комиссия мүшелері биылғы жылғы қаралатын жоспарға енгізу үшін өз ұсыныстарын берді. С.Қамидолла көшпелі кеңес ұйымдастыруды ұсынса, Ж.Қазиева түнгі уақытта бақылаусыз жүрген жасөспірімдерді анықтау үшін рейдтерді көбірек өткізу керектігін алға тартты. Л.Қамзаева жасөспірімдердің түнгі уақытта жұмысқа шығуының негізгі себебін анықтап, олардың алдын алу шараларын ойластыру қажеттігін жеткізді.

Осы мәселеге орай Қ.Аязбаев кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізетін болды. З.Қалмұханова шағын спорт алаңдарына жиналатын жасөспірімдерді бақылауға алу керектігін айтты. Н.Үкібаев екпеден бас тарту мен өкпе ауруымен ауыратын адамдардың отбасындағы балаларды оқшаулау мәселесін көтерді. Р.Мырзабеков қиын балалардың отбасымен жұмыс жасау кезіндегі бірқатар мәселелерге тоқталды. Ү.Кенжина басты мақсат балалардың құқын қорғау екенін ескеріп, осыған көбірек көңіл бөлуге шақырды. Комиссия төрайымы қоғамдағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы мәселелерге орай әлеуметтік сауалнамалар ұйымдастыруды ұсынды. А.Арыстанғалиева отырыста көтерілген мәселелер комиссияның 2019 жылы атқаратын жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізді. Т.Кәдіров, Н.Төлеуовтер қазақта ер баланың тәрбиесін әкесі не үлкен ағалары жауапкершілікке алса, қыз баланың әдепті, иманды, ибалы болып өсуін анасы мен әжесі немесе әпкелері қадағалағанын түсіндіріп өтті. Осы орайда салт-дәстүрін сыйлайтын отбасыдан жаман бала шықпайтынын жеткізді.

Қ.Нұртайұлы.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner