Бата бере білесіз бе, ақсақал?

Батаның мән-маңызы туралы әркім де хабардар. Ұлттық дәстүріміз боп саналатын осы рәсім елді бірлікке шақырып, жастарға тәлім береді. Көпшілік жиналған жиын-тойларда ақсақал қариялардан бата беруді сұрағанда кібіртектеп, күмілжіп қалатынын көріп жүрміз. Ондайда қарттарымыз іркілмей, саңқылдап ақ батасын берсе жарасымды емес пе?! Оқырмандар сұрауы бойынша бата түрлерін жарияладық.

Төле би бабамыздың Қойгелді батырға берген батасы

Жүрген жерің жаз болсын,

Айдыныңа қаз қонсын.

Мерейіңе мақтанып,

Елің-жұртың мәз болсын.

Жая бергін жапырақ,

Атсын таңың жарқырап.

Әумин!

Райымбек батырдың төртінші ұрпағы Ақбиев Досжан ақсақалдың батасы

Халқымды даласымен сақтасын,

Жігітті панасымен сақтасын.

Жаманды анасымен сақтасын,

Адамды өз бағасымен сақтасын.

Елдігіміз нығайып, өсіп-өнейік.

Бір Алла, бізді өзі жақтасын!

Әумин!

Бата

Құдай жарылқасын,

Бай қылсын.

Бақ қарасын,

Қыдыр дарысын.

Әулие дарысын,

Әруақ жебесін!

Дастарханға береке берсін,

Ерге дәулет берсін.

Шыққанның есесін берсін,

Қалғанның берекесін берсін.

Кең пейіл берсін,

Ұзақ өмір берсін.

От айнала бас берсін,

Өріс толы мал берсін.

Ахмет Байтұрсыновтың берген батасы

Құдайым жарылқасын,бай қылсын!

Төрт түлігін сай қылсын!

Кетпес дәулет!

Кең пейіл берсін!

Құрбандығың қабыл болсын!

Тілеген тілегіңді берсін!

Аллаһу ақбар!

Асың, асың, асыңа!

Береке берсін басыңа!

Бөденедей жорғалап,

Қырғауылдай қорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа.

Сенен байлық өтпесін!

Тәңірі берген несібең

Тепкілесең, кетпесін!

Желіңнің екі шетіне

Тай шаптырса, жетпесін!

Кешке келіп жамырасқан,

Шуылдасып, маңырасқан,

Қошқанның енесі

Аллаһу ақбар!

Уа, Құдайым қолдасын,

Жіберсін пейіл – жолдасын.

Өмірлерің ұзақтан,

Көгендерің тұсақтан болсын,

Алдыңа береке,

Бақ-дәулетің шашылып жатсын,

Қазаның асылып жатсын.

Періштелер қорғай жүрсін,

Үйің қонақтан арылмасын,

Құдайым пейіл-тілегіңді жарылқасын!

Әумин!

Жалғасы бар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521