var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Берсең - балаға бер!

Мектеп – жарқын өмірге бастар ұлы баспалдақ! Ақын мен ғылымның, дана мен дарабоздардың да буынын бекітіп, біліммен сусындатып, еркелігі мен балалығын ақыл мен парасатқа жеңдіретін осынау алтын ұяның білім қақпасының айқара ашылды. Бұл күнге әр бала өзінше, ерекше дайындалып, сағынышпен келері анық.

Осы орайда көкейімізде балаларымыз жаңа оқу жылына қаншалықты дайын деген сұрақ келеді халқымыздың әлеуметтік жағдайының әртүрлі екені, кей отандастарымыздың түрлі жағдайлармен ұл қыздарын оқу науқанына толықтай дайындай алмай жатқаны да баршамызға аян. Осы тұста жыл сайынғы игілікті іс «Мектепке жол» акциясына көпшіліктің айтар алғысы мол екені де рас. Биылғы жылы Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесі де осынау «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен жалғасын тауып жатқан қайырымдылық шарасына өз үлесімізді қосып, бөлімше қызметкерлерімен қоса әскери полиция жанынан құрылған әйелдер кеңесімен бірлесе отырып қайырымды істер атқардық.

menyntandauim1

Көптің ісі көлмен тең деп, бірлесе отырып Атыраулық екі отбасының үш балалары Қаспақпаева Мадина, Кайкен Дамир және Кайкен Дарханға тиісті мектеп формасымен, сөмке, оқу құралдарымен толықтай қамтамасыз етілді. Мұндай игі бастамалардың, қайырымдылық шараларының ұрпақ тәрбиесінде де алар орны ерекше.

Көпке көмек, кішіге үлгі болатын осындай іс-шараларға әрі қарай да атсалыса береміз.

Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің (әкімшілік тәжірибе)

офицері әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner