Бес айда он бір шағын нысан ашылды

Қазіргі нарық талабына сай бейімделіп, кәсіпкерлікті дөңгелетіп әкету оңай емес.

Дегенмен, соңғы кезде жаңадан ашылып жатқан нысандарға қарап, ауданда іскер адамдар қатарының артып келе жатқанын аңғаруға болады.Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бергі бес айдың ішінде 11 кәсіпкерлік нысаны іске қосылған екен. Нақтырақ айтқанда, қаладағы «Арай» тойханасы мен «Айсалтан-4» шағын маркеті, «Ассорти» дәмханасы, «Аңсар» отбасылық мейрамханасы, «Рауан» асханасы мен шағын маркеті, «Бәйтерек» мейрамханасы, «The one» кафе-бары, «Бисекен» асханасы, «Абылайхан» көлік жөндеу орталығы, «Fest Style» киім дүкені, «Ақсарай» химиялық тазалау орны есігін айқара ашып, халыққа қызмет көрсете бастады.

Олар бүгінде тұтынушылардың күнделікті қажетін өтеп қана отырған жоқ, қаланың сәулеті мен дәулетіне де ерекше үлес қосып отыр. Жалпы кәсіпкерлік және туризм бөлімінің дерегіне сүйенсек, онда күні бүгін ауданда 6877 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, іс жүзінде оның 5875-і жұмыс жасап тұр. Яғни, кәсіпкерлікке бет бұрғандар қатары 6,3 пайызға артқан. Соның арқасында шағын бизнестен 7,5 млрд теңгеден астам салық түсті.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521