Билер кеңесін құру – ұлттық құндылығымызды жаңғырту

Өткен аптада аудандық соттың ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында «Билер кеңесін құру – ұлттық құндылығымызды жаңғырту» тақырыбында кездесу өтті.

Оған сот төрағасы Б.Жұмабаев, татуластыру рәсімдерін үйлестіруші судья Ж.Аятов, Қоғамдық кеңес төрағасы Н.Ақназаров, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Кәдіров, Аналар кеңесінің төрайымы М.Исайнова және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесуді ашқан төраға Б.Жұмабаев Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақтың билер кеңесін ұлттық құндылықтар ретінде танып, халық арасында кеңінен насихаттау қажеттілігін айтқанын атап өтті. Ол көшпелі қазақ қоғамының билер соты тарих қойнауында қалса да, оның беделі мен мәртебесі бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып отырғанын, ұлттық тарихымыздағы асыл қазыналарымызды зерттеу, оның шынайы нәтижелерін жарыққа шығару қай ұрпақ үшін де жоғары міндет болып саналатынын айтып, жиынға қатысушыларды жан-жақты талқылауға шақырды. Судья Ж.Аятов қазіргі қоғамда билер кеңесі азаматтық дау-дамайларды шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей әрекет ете алатынын айтып өтті. «Ел ішінде беделі салмақты, аузы дуалы қариялар бар, сөзбен жанжалды ажырата алатын, бұрын мемлекеттік қызметте болған, қазір зейнеткерлік жаста жүрген ел ағалары, ауыл ақсақалдары бар, солардың басын қосып, билер кеңесін құрып, ел ішінде болып жатқан дау-дамай, жанжалдарды реттеп, соларды бітімгершілікке баулыса» деген ұсынысын білдірді. Сонымен қатар билерге қойылатын ереженің талаптары мен құрамы туралы түсіндірді.

Кездесу соңында қатысушылар билер кеңесінің маңыздылығын қолдап, өз кандидатураларын ұсынды.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521