var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Бірлесіп атқарсақ, шешілмейтін түйін жоқ

Ауыл әкімі Достан Тілеуов кездесудің мақсатын түсіндіріп өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Қадіров осы ауылдан шыққан ақындар мен жазушылар туралы әңгімелеп берді.

АҚКИІЗТОҒАЙ ОКРУГІНДЕ

Сонымен қатар Жем суының бойында орналасқан ауыл тұрғындары жылыжай салып, кәсіп ашса деген ұсынысын жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар ауылды абаттандыру бағытында саябақ салу, кейбір ауылдың көркін бұзып тұрған ескі ғимараттарды бұзу қажеттігін айтты. Ауыл тазалығы және ауызсу мәселесіне орай тұрғындардың сауалына «Жылыой тазалық» ЖШС-ның директоры Б.Абдрахманов жауап берді. Аудан әкімі аталған мекеме басшысының тұрғындардың заңды талабын орындауға міндетті екенін жеткізді. Тұрғындардың бірі биыл қуаңшылық екенін, сондықтан ауданымыздағы бар шабындықтардағы шөпті қуратып алмай уақтылы шауып алу жұмыстарына көңіл бөлу қажеттігін ескеруді сұрады. Ауыл әкімі Ақкиізтоғай аулының ішін көгалдандыру жұмыстарына орай Жем өзенінен құбыр тарту жобасын ұсынғанын жеткізді. Сонымен қатар туризмді дамыту үшін Ақкиізтоғай-Құлсары бағытындағы жолдың бойына тал егу, жасыл белдеулер жасау, Ақмешіт кесенесіне жол салу сияқты ұсыныстар айтылды. Бұл жұмыстарды ТШО компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруды сұрады. Ауылға мәдениет үйі, өрт сөндіру бекеті, жаңа мектеп қажет екені айтылды. Тұрғындар Ақкиізтоғай-Құлсары тасжолының жиектерін тегістеу жұмыстары жүргізілмегенін айтты. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ернар Ысмағұл жол салған мекеме 2 жыл бойы қызмет көрсететінін, ол жұмыстар жақын арада жасалатынын түсіндірді. Тұрғындардың бірі жер телімінің үстінен жоғары кернеулі электр желісін жүргізіп кеткенін, соның салдарынан үй құрылысын бастай алмай отырғанын айтып шағымданды. Сонымен қатар тұрғындар жаңадан берілген жерлерге инфрақұрылым жүргізу, газ желісіне қосу қызметіне алынатын төлемнің қымбаттығы туралы реніштерін айтты. Жауапты мекеме басшылары тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

МАЙКӨМГЕН ОКРУГІНДЕ

Аудан әкімі Азамат Бекет Майкөмген ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуде ауыл әкімі Нұржарық Сауытов округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндап, ауылдағы өзекті мәселелерге тоқталды. Бүгінде ауылдағы мектеп білім беру талаптарына сай келмейді екен. Соған орай мектепті талапқа сай жабдықтау қажет. Ауылда ауызсу жетіспеушілігі тұрғындар үшін өзекті мәселе болып отыр. Өйткені құмды ауылдың айналасында жақын жерде өзен мен көлдердің болмауына байланысты малды осы ауызсумен суаруға тура келеді. Өткен жылдары арнайы мекеме келіп, жерасты суын қазып фонтан ашқан. Бірақ тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмапты. Биыл бұл фонтанды қайта жауып тастапты. Ауыл әкімінің айтуынша, фонтанды ашушы мекеменің талабы бойынша ол жерге есептегіш құралын орнатып, тұрғындар суды сатып алу керек екен. Ал оған тұрғындардың келіскісі жоқ. Тұрғындардың тазалық мәселесі мен суға берілетін субсидия туралы сұрағына орай «Жылыой тазалық» ЖШС-ның директоры Б.Абдрахманов жауап берді. Оның айтуынша, 2-жартыжылдықта субсидия берілмек. Тазалық мәселесіне орай аудан әкімі жауапты адамдарға тиісті шарасын алуды тапсырды. Ауыл тұрғындарының бірі учаскелік полиция қызметкерінің аудан орталығынан келіп жұмыс жасап жүргенін айтты. Тәртіп сақшысының үнемі ауылда болуына жағдай жасалса деген тілегін жеткізді. Кездесуді қорытындылаған аудан басшысы Азамат Бауыржанұлы тұрғындар көтерген мәселелерді ескеріп, жұмыс жасайтынына сенім білдірді. Сонымен қатар тұрғындарды қоғамның қатысуымен шешілетін мәселелерге орай бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

 

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner