ads_banner

Біз – волонтёрміз

Ал қоғамда олардың орны сөзсіз ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. «Еріктілер деген кім, олар немен айналысады, олар не үшін мұндай жақсылықтарға барады?» деген сұрақтарға бүгін жауап іздейміз. Сол үшін жылыойлық волонтер Амантай Сайлауовпен әңгілемескен болатынбыз.

-  Еріктілер немен айналысады?

-  Еріктілер жалғыз өзі немесе топ болып жұмыс істейді. Енді ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары – жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып, оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Сондай-ақ белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекет саналады. Қазақта «Асар» деген бар, яғни ол – ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар.

-   Сізді «Мейірім сәулесі» атты қайырымдылық тобының жетекшісі ретінде таныдық. Қандай жұмыстар атқардыңыздар?

-  «Мейірім сәулесі» атты еріктілер тобында біраз жастар болды. Оның ішінде мектеп оқушылары да, студенттер де, жұмыс жасап жатқан жастар да болды. Барлығы да – өз еріктерімен тобымызға қосылып, уақытын тиімді пайдалануға жұмсаған жандар. Сол қыз-жігіттер аудандағы талай мұқтаж жандарға көмектесті ғой. Әсіресе жалғызбасты қарттардың үйіне жүргізілген жөндеу жұмыстарына бір кісідей атсалысты. Қыздар үй ішін әктеп, тамақ пісірсе, жігіттер сырттағы ауыр жұмыстарды тындырып жүрді. Сондай-ақ қайырымдылық концерттері мен жәрмеңкелерін ұйымдастырып жүрдік. Мүгедек балаларға базарлық апарып, қуанған сәттерінің куәсі болдық.

-   Волонтёрлік сізге не берді?

-  Бұл «қызметім» маған ешқандай ақша бермеді. Бірақ мен оның орнына алғыс аламын, жақсылыққа кенелемін. Мұқтаж жандардан алған сауабым болар: отбасын құрып, әке болдым. Бұл біздің адамгершілігіміздің белгісі деп ойлаймын. Өз басым ерікті болу арқылы да көп тәжірибе жинақтадым.

-   Естуімше, жұбайыңыз да ерікті жастардың бірі екен.

-   Ия, біз екеуміз қайырымдылық шараларына атсаласып жүргенде танысқан болатынбыз. Әрқашан көмек көрсетуге дайын тұратын ақ жүрегіне ғашық болып, кейін отбасын құруға ұсыныс жасадым. Біз тәрізді бір-бірін осы ерікті бола жүріп тапқан жастар бар. Олар да қазір отбасылы болды.

-  Қазір ауданда ерікті жастар аз секілді. Оның үстіне байқауымша, жұмыстарыңыз тоқтап қалды.

-   Бұл уақытша тоқтады. Қайтадан қолға аламыз деп отырмыз. Үлкен қаладағылардай волонтёрлердің санын көбейту үшін жастарды тартқымыз келеді. Алайда бір кедергіге тап болдық. Жұмысымыз заңдастырылуы керек екен. Ал топты заңдастыру үшін де бізге қолдау қажет қой. Әрине, адамгершіліктің ақ туын көтеретін еріктілер көбейсе, қоғамда мейірімділіктің де арта түсетініне сенімдіміз.

-  Ендеше, іске сәт!

П.ҚИЗАТОВА.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner