var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Демалыс кезіндегі бақылау

Оқушылардың көптен күткен жазғы демалыстары да басталды. Бірақ демалыс басталды екен деп, мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерді өз бетінше жіберуге болмайды.

Әр баланың жазғы демалысының қауіпсіздігіне ата-аналар жауапты. Жаз мезгілінде балалар тап болатын көптеген төтенше жағдайлар ата-аналардың бақылауының аздығынан болады. Мектеп жасындағы балалар оқу жылы аяқталысымен табиғатқа, саяхаттарға топпен шығуды дәстүрге айналдырған. Осы кезде олар от жағады, түрлі отшашулар ұйымдастырады, ойындар ойнайды. Міне, осы жағдайда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау, қоршаған ортада залал келтірмеу тәрізді маңызды жайттар ескертілмей қалады.

Ата-аналарынан жиі қадағалап, барынша бақылауда ұстауын сұраймыз. «Өрт пен су – тілсіз жау» деп тегін айтылмаса керек, қалай және қайдан келері белгісіз. Сондықтан ауданның әрбір тұрғыны қайбір жерде де қауіпсіздік сақтап, аман болсын деген ниетпен ескертеміз.

Н.ОРЫСБАЕВ,

Жаңа Қаратон кенті №9 ӨСБ-нің қарауыл бастығы, а/қ лейтенанты

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner