Әдеп нормаларын сақтау

Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс.

Қандай болғанда да, мемлекеттік қызметші Әдеп нормаларын сақтауға қалыптасуы, Әдеп кодексін оқып, өзін-өзі үйретуі, өзгеден үйренуі және өзгені үйретуі керек. Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымызға жауапты екенімізді, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтауымыз қажет.

Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан қашқақтау қажет. Жалпы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мемлекеттік қызметшілердің мәдениетіне ғана емес, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау мәдениетіне де талаптар қояды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметші әлеуметтік желіні қолданған кезде интернет желісінің басқа қолданушыларымен әңгімелесуде сыпайылылық танытуы қажет, өз парақшасында құпия немесе жабық ақпаратты жарияламауы тиіс. Мемлекеттік қызметшілер іскерлік киім үлгісін сақтауы қажет.

Киімге қойылатын негізгі талаптар: ұқыптылық, мұнтаздай тазалық, жайлылық. Әдеп нормаларын сақтауда Жылыой аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» мәтіні басқарманың көрнекті жерінде ілінген, кодекс талаптарының сақталулары бақылауға алынған. Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында азаматтардың өтініштері мен шағымдарына арналған «Сенім жәшігі» басқарманың көрнекті жерінде орнатылған, басқарма бойынша 5-65-06 сенім телефоны жұмыс істейді. Жылыой аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызметшілері тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

П.НҰРБЕРГЕНОВА,

аудандық ҚДСБ-ның ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің басшысы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521