Домбырамыз ұлықталған күн

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлттық домбыра күніне орай "Қасиетті домбыра" акциясын өткізді. Ұлттық домбыра күніне арналған аудандық перзентханада мерекеге орай 7 шілдеде дүние есігін ашқан сәбиге Қазақстан халқы Ассамблеясынан қасиетті үкілі домбыра сыйға берілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы логотипі бар ұлттық аспап – домбыра салтанатты түрде табыс етілді.

Әр сыйлықпен домбыраның мәні мен құндылығы туралы айтылып, Жылыой ауданы әкімі А.Б.Бекеттің атынан ақ тілек жазылған алғысхат пен сый-сияпат қоса берілді. Жылыой ауданы әкімі жанындағы Қоғамдық келісім Кеңесі төрағасы Н.Ақназаров және Аналар Кеңесі төрайымы М.Исайнова өздерінің ақ тілектерін білдірді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521