Құлсары көшесінде самокатпен жүргендерге

Бүгінгі таңда еліміздегі ірі қалаларда қозғалысқа ыңғайлы электросамокаттарды теуіп жүрген адамдарды жиі кездестіруге болады. Сағатына 40-тан 70 шақырымға дейін қозғалатын осынау ыңғайлы шағын көлікті пайдалану ережелері, онымен дұрыс қозғалудың қыр-сыры туралы көпшілік біле бермейді.

Жылыой ауданы полиция бөліміне Атырау облысы полиция Департаментінен электрлі өздігінен жүретін машиналар (электросамокаттар) сияқты көлік құралдарының түрлерін пайдалану ережелері мен жүргізушілерге қойылатын талаптар жөнінде нұсқау берілді. Электросамокаттар велосипедке арналған жолдармен жүруі тиіс. Ондай жолдар қарастырылмаған жерде жол бөлігінің оң жақ қанатымен, маршруттық көлік құралына арналған жолақпен бір қатармен жүруіне болады. Дегенмен онымен жолаушылар тасымалдауға, көлікті басқаруға бөгет жасайтын жүкті тасымалдауға, трамвай жүретін жолдарда жүруге, велосипедтер мен мопедтерді сүйретуге тыйым салынады. Аталған көлікті басқаратын адамдар жүргізушілер сынды жолда жүру қағидаларын білуі және сақтауы тиіс. Мопедтерге ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдарын пайдаланушыларды жолда жүру қағидаларын сақтап, әкімшілік заңнама нормаларын бұзбауға шақырамыз.

Б.Жайымов, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің ӘТТ-ның аға инспекторы, полиция капитаны

сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521