ads_banner

Көлік өрті көбейген

Өткен жылмен салыстырғанда биыл өрт оқиғалары 22%-ға төмендеген. Аталған 81 өрт оқиғасының 36 %-ы (29 өрт )көлік құралдарында орын алған. Былтырғы жылмен салыстырғанда көлік құралдарында өрт оқиғасы көбейген.

Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушілерге тек сыну туралы ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да айтады. Сонымен бірге қарсы келе жатқан көліктердің жүргізушілерінің белгі берулері байқалмаған қауіп туралы хабарлауы мүмкін. Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана авария кезінде өртенеді. Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, электр құралдары жүйесіне немқұрайлығынан болады.

Төгілген бензин де өрттің шығуына себеп болады. Кейде жанармайдың лап етуі үшін гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті. Көліктегі синтетикалық материалдар анықталған температураға дейін шыдап, содан соң жанады, оны сөндіру өте қиын. Салонда өрт басталғанда көліктен бір жарым минутта шығып үлгеру керек. Сондықтан оттың бірінші белгілерінде көлікті тоқтатып, жандырғыш кілтін суырып алып, қол тежеуішіне қою керек.

Егер түтін капот астынан шықса,онда оны абайлап ашу керек, оттектің келуінен оттың лап етуі мүмкін. Отты өрт сөндіргіштің көбік ағысын жану ошағына бағыттап сөндіру керек. Тағы бір әдіс - біртіндеп кеңістікті ала отырып, оттың фронтын басу. Әрине, бірнеше өрт сөндіргішті қолданған тиімді, сонымен қатар кәдімгі өрт сөндіру құралдарының комбинациясы: құм, брезент, қар, су және т.б. Осы уақытта өз қауіпсіздігіңізді де ұмытпаңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерімен отыны аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады.

Б.Жұбанов, Құлсары қаласы №2 мемлекеттік өрт сөндіру бөлімшесінің командирі

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner