ads_banner

Кәсіп ашуға кедергі болмасын

Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев жүргізіп отырды. Ол бүгінгі сұхбатта айтылатын мәселе, ұсыныс-пікірлердің маңызды екенін тілге тиек етті.

Бұл жиналыстың мақсаты да сол, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болатын мәселелерді шешу. Сол үшін аудан әкімінің орынбасарлары мен қала әкімі Ернар Ысмағұл, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары осы жерге жиналған.

Қазір ауданда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын оқып жатқан жандар жетерлік. Бірақ олардың өз алдына жеке кәсіп ашуына кедергілер де кездесіп жатыр. Соның біразы осы сұхбатта сөз болды. Наубайхана ашқысы келетін бір әйел адам ұнның бағасының аспандап тұрғанын айтып, соны бақылайтын мониторинг туралы сұрады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікті оқыған тағы бір тұрғызбалық азамат үкіметтен берілетін несиенің мөлшері аз екенін, ол ақшаға бір кәсіпті дөңгелету мүмкін емес екенін түсіндірді. Ал шаруа қожалығын басқарып отырған шаруагерлер бос жатқан жер мәселелерін қозғады. Сонымен қатар малын суаратын судың тапшы екенін айтып шағымданды тағы бір қосшағылдық азамат. Кәсібін кеңейткісі келіп, қосымша жер сұрап отырғандар да көп. Сондай-ақ ашық сұхбатта орталық базар маңына өрт сөндіру көлігінің емін-еркін кіруіне мүмкіндік болмай тұрғаны айтылды.

Мұнда айтылғандардың барлығы хаттамаға түскенін, ұсыныс-пікірлердің ескерілетінін аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев айтып, жиналысты қорытындылады. Ашық сұхбат алдағы уақытта да аудан әкімінің қатысуымен өтіп тұратын болады.

П.ЖАУЫНБАЙ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner