var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай облыстық форум өтті

Мәдениет үйінің дәлізінде аудан мектептері мен колледждерде өткізілген шаралар туралы ақпараттық тақта, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында оқушылардың салған суреттері қойылды.

Көрермендер залында ақ баскиім мен «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» деп жазылған ақ футболка киген жастар сап түзеп тұрды. Шараға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов, аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғановтар қатысты.

Форумның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Фарида Ахметова форумды өткізудегі негізгі мақсат – өскелең ұрпақты жастайынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қатынастар құндылығына тәрбиелеу және оны бойларына сіңіру екенін атап өтті. Дарынды балалар лицейі директоры Сәкен Талдахметов, №19 мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты Салтанат Жұмағалиева және бір топ студенттер сыбайлас жемқорлық тақырыбында өз пікірлерін білдірді. «Би-би» бишілер тобы мың бұрала ұлттық би биледі. Мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауында патриоттық әндер шырқалды. Колледж студенттерінің ұйымдастыруымен флешмоб өтті.

Қ.Дүйсенбетов.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner