ads_banner

“Халық үшін жұмыс істейтін Үкімет керек” дейді атыраулық белсенділер

“Бұл – халықтың әл ауқатын жақсартудағы маңызды қадам. Себебі, әлеуметтік ахуал осындай батыл шешімдерді күттіріп отыр” дейді атыраулық белсенділер. Болатбек ҚОҢЫРБАЕВ, Атырау қаласы еріктілер тобының жетекшісі: Мемлекет басшысы қоғамның тынысын қашанда терең сезініп отырады. Бүгінгі ел өмірінде орын алған үлкен жаңалық Президенттің әлеуметтің әл ауқатын басты кезекке қоятын басшы екендігін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Болатбек ҚОҢЫРБАЕВ, Атырау қаласы еріктілер тобының жетекшісі:

Мемлекет басшысы қоғамның тынысын қашанда терең сезініп отырады. Бүгінгі ел өмірінде орын алған үлкен жаңалық Президенттің әлеуметтің әл ауқатын басты кезекке қоятын басшы екендігін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Үкімет – атқарушы орган. Яғни, елдің әлеуметтік, экономикалық дамуынан бастап, ішкі, сыртқы саясаттағы тұрақтылық мәселесінің барлығы Үкіметке тікелей байланысты. Бірақ, шыны керек, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың ортасында көп жүретін белсенді ретінде айтарым, Елбасы тапсырмалары тиісті деңгейде орындалып жатқан жоқ. Әсіресе, мүгедек жандар, көп балалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылардың қазіргі өмірі – мемлекеттік бағдарламалардың орындалыс деңгейін көрсетіп отыр. Демек, Елбасы осындай маңызды Жарлыққа қол қоя отырып, халықтың әл ауқатын одан әрі жақсартуда маңызды қадам жасады. Жаһандық кеңістікте бейбітшілік идеялардың бастамашысы ретінде танылып келе жатқан Қазақстанның алдында әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосылу міндеті тұр. Енді бізге орындаушылық қабілеті жоғары, кәсіби мамандардан тұратын және шын мәнісінде халық үшін жұмыс істейтін Үкімет керек.

Андрей КОРАБЛЕВ, “Былина” орыс этномәдени бірлестігінің жетекшісі:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өте орынды шешім қабылдады. Себебі, Үкіметтің отставкаға кетуі қоғам тарапынан күтілген қадам. Яғни, Үкімет өз міндетін тиісті деңгейде атқара алмады. Бұл сөзімізге қоғамда орын алып жатқан түрлі сипаттағы оқиғалар дәлел. Мемлекет басшысы Үкіметке халықтың әл ауқатын жақсартуды міндеттеген болатын. Батыл қадамдар, нақты шешімдер керек еді. Бірақ, қазіргі картина Үкіметтің орындаушылық қабілетінің негізгі индикаторы болып отыр.

Президент бастамасымен жасалған Конституциялық реформа, түрлі мемлекеттік бағдарламалар тиісті деңгейде жұмысын атқара алмады. Ендігі жерде жасақталатын жаңа Үкімет құрамы халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуды басты назарда ұстауды тиіс. Әйтпесе, қазіргі жағдай босаңсуды, қазақша айтқанда, арқаны кеңге салуды көтермейді.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner