Хаттаманы жыртып тастады

Жақында облыстық Ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау мен Доссор аралығындағы республикалық трассаның бойында жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалауға шықты.

Түс әлетінде олардың Ақтау бағытынан 666-шақырым қашықтықта желдей жүйткіп келе жатқан «Лада Ларгус» маркалы жеңіл автокөлігін тоқтатуына тура келді. Өйткені полиция қызметкерлерінің қызметтік көлігіне бекітілген «Бинар-2416» маркалы жылдамдық өлшегіш құрылғысы аталған темір тұлпардың жылдамдықты бекітілген шамадан арттырып жібергендігін анықтап берді. Тоқтатып, тексергенде жүргізуші Өзбекстан Республикасының азаматы, 1971 жылы туылған әйел адам болып шықты. Сол күні «Бейнеу авто» бақылау пункті арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кірген беті екен. Жол тәртіп сақшылары қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірген бикештің үстінен жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтыра бастады. Бірақ өзбекстандық азамат қазақстандық полицейлердің таққан кінәсімен келіспеді. Ашуға булыққан ол жол сақшысының толтырып жатқан қолындағы хаттамасын тартып алды да, сол жерде жыртып тастады. Жол ережесін бұзғанымен қоймай, бұзақылыққа барған әйел енді екі бірдей әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521