Кішкентай ханзада мен ханшайым

Қосшағыл мәдениет үйінде «Кішкентай ханзада мен ханшайым» атты балалар байқауы өтті.

Байқауға 5-7 жас аралығындағы кішкентай балалар қатысты.

Байқау шымылдығын жүргізушілер Ф.Рамазанова мен А.Қоянақова ашып, байқауға төрелік ететін әділқазылар алқасын таныстырды. Әділқазылар құрамында ауданға танымал әнші Г.Қаналиева, №4 спорт мектебінің оқу ісі меңгерушісі Г.Исахаева және Қосшағыл мәдениет үйінің директоры Қ.Жұманова болды.

Байқау төрт бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерін таныстырса, екінші бөлімде өз өнерлерімен тәнті етті. Үшінші «Ертегілер елінде» бөлімінде ертегіден көрініс көрсетілсе, соңғы бөлімде қатысушылар сән үлгісін көрсетті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынға Жолболды Асқар мен Мақсотқызы Ақгүл ие болды, екінші орын Болат Әбілмансұр мен Ербөлек Гүлзадаға берілсе, үшінші орын Жанқуат Сүлеймен мен Жасталапқызы Анельге бұйырды. «Көрермендер көзайымы» арнайы жүлдесін Нұржан Талғат пен Сокал Гүлсезім жеңіп алды. Нұрлыбек Нұралы мен Кісенбаева Әйгерім алғысхатпен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Н.Бөлегенова,

Қосшағыл мәдениет үйінің әдіскері

x

x

x

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521