Колледждегі салтанатты сәт

 Құлсары қаласындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжіне қазақ мұнайының атасы атанған даңқты мұнайшы, КСРО Құрметті мұнайшысы Сафи Өтебаев есімі берілгені белгілі.

Осыған орай кеше сәрсенбі күні оның ресми түрде ашылу салтанаты болып өтті. Оған Атырау аймағындағы жоғары және арнаулы орта, кәсіптік оқу орнының жетекшілері мен ұстаздары, мекеме-кәсіпорын мен білім беру ұйымдарының басшылары, ғалымдар, С.Өтебаевтың тума-туысқандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Салтанатты сәтте аудан әкімінің орынбасары Фарида Ахметова, С.Өтебаевтың ұлы Мақсот Өтебаев, колледж директоры Марат Ибраевтар құттықтау сөз сөйлеп, келген қонақтарға жылы лебізін білдірді.

Ф.Төлегенқызы мен М.Сафиұлы алқызыл лента қиып, қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен және жаңадан ашылған мұражаймен танысты. Колледждің акт залында С.Өтебаев есімі берілуіне орай және колледждің 55 жылдығына байланысты «Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы жаңартылған білімнің өзекті мәселесі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Шара «Тарихы терең білім ордасына – 55 жыл» атты салтанатты кешке ұласты.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521