ads_banner

Әлеуметтік мәселе - басты назарда

Отырыста партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар аймақтардан жиналған партия мүшелеріне арналған тақырыптық сессиялар өтті. Бас партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы талқыланды. Елбасы барша партия мүшелерін 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, осы жылдар ішінде иық тіресе жұмыс жасап, бірге келе жатқан қатарластарына рахметін айтты."Біз үшін тұтас дәуір. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қояр едік. Сондықтан "Нұр Отан" мықты саяси күшке айналып, нақты жұмыс көрсетті. Партияластарыма алғыс айтамын" деді Елбасы. Ол, алдымен, қол жеткізген жетістіктерімізге тоқталып, тәуелсіз мемлекеттің экспорттық сауда көлемі 9 есеге өскенін атап өтті.

Сонымен қатар Елбасы халықтың әл-ауқатын көтермесе, кез келген экономикалық жетістіктің керегі жоқтығын жектізді. Елбасы бұл съезде Қазақстанның дамуына жаңа старт беретінін айтты. Жалпы партия ел экономикасының дамуына аса мән береді. Алдағы онжылдықта да үлкен жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Елбасы кірісі аз отбасылар арасында 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алып отырғанын, енді көп балалардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуді тапсырды. Бүгінде елімізде 4 баладан көп баласы бар 340 мың отбасы бар. Оларды қолдау үшін 500 миллиард бөлінген.

Сонымен қатар мүгедек бала асырап отырған ата-аналар мен отбасыларға, асырушыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға асыруды тапсырды. Аймақтардағы атқарушы органдар қызметкерлерінің айлығын 25 пайызға өсіру үшін 980 млрд теңге бөлінбек.

Сайлаубай Таласов,

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner