Құлсарыға бағдаршам арман болды

Құлсары қала атына сай келу үшін әлі көп нәрсе жасалуы керек.

Соның бірі – бағдаршам мен бейнебақылау. Бұл мәселе талай рет алқалы мәжілістерде көтеріліп-ақ келеді. Аудан әкімі Азамат Бекет өңірімізге алғаш басшы болып келгенде жылыойлықтармен кездесіп, арнайы жиналыс өткізген-ді. Міне, сол басқосуда тұрғындар сауалына жауап берген әкім мәселенің түйіні тарқатылатын айтқан-ды. Оның алдында аудандық полиция бөлімі ауласынан жедел басқару орталығының зәулім ғимараты пайдалануға берілгенде шынымен де көңілге мықтап сенім ұялаған еді. Енді қаланың ішіне бағдаршам қондырылып, бейнебақылау «көзі» жол ережесін бұзған жүргізушілерді қалт жібермей қадағалап отыратын күн алыс болмас деп қуанған едік. Бірақ үміт биыл да ақталмады.

Жақында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVІІ сессиясы болып өтті. Онда хабарлама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Дүсіпованың сөзінен, Құлсары қаласындағы бағдаршам мен бейнебақылау қондырғысын орнатуға қаралған 150 млн. теңге қаржының бюджет есебінен шегерілетінін білдік. Басты себеп: оны қондыратын жеңімпаз мекеменің анықталмауы екен. Егер нақтыланған аудандық бюджеттің 2018-2020 жылдарға арналғанын ескерсек, онда бағдаршам «Теңіз мұнайының астанасы» атанған шаһарымыз үшін келер жылы да арман болып қала бермекші. Құлсарылықтарға әзірге көршілес Бейнеу кентіндегі бағдаршамдарға қарап қызығып, жүре тұруға тура келеді!

Е.Бисекенұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521