Құлсарыдағы электронды мектеп

Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірінші басымдық ретінде цифрлық технологияны қолдану арқылы жаңа индустрияларды өркендету міндетін алға қойған еді.

Осыған орай Үкімет 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 Қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын бекітті. Осылайша ІТ технологиясы өміріміздің барлық саласына, соның ішінде мектептерге де енгізіле бастады.

Биылғы жылғы оқу жылынан бастап осы бағдарлама аясында қаладағы №8 орта мектепке «Қауіпсіз мектеп» жобасы енгізілді. Білім ордасының информатика пәнінің мұғалімі Шахризада Нұрышеваның айтуынша, қазаннан бастап нақты іске қосылған жобаға сәйкес оқу орнының кіреберісіне цифрлық бақылау-өткізу құрылғысы орнатылды. Ол мектепке кірген мұғалімдер мен оқушылар туралы ақпарат беріп тұрады. Бұл ата-аналар үшін өте тиімді. Олар баласының сабаққа келген-келмегенін, қашан тарағанын телефонына жолданған хабарлама арқылы біліп отырады.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №9 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521