Ұлттық банк гауһар қондырмасы бар монета шығарды

"ÚKI" коллекциялық монеталары айналысқа шықты

Қазақстанда гауһар қондырмасы бар "Көшпенділердің ғибадат жануарлары - тотемдері" монеталар сериясынан "ÚKI" коллекциялық монеталарын айналымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылғы 2 қазанда номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен, номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан "Көшпенділердің ғибадат жануарлары - тотемдері" монеталар сериясынан "ÚKI" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

"Номиналы 5 000, 500, 200 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. "Proof-like" дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады. "Brilliant uncirculated" дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Коллекциялық монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.

kaz.tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521