ads_banner

Мақсым Ізбасов – тәуелсіз директор

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің директоры болып жерлесіміз Мақсым Ізбасов сайланды. Бұл жөнінде компанияның сайтында қоғаммен байланыс қызметі хабарлаған.

Жылыой өңірінде туып-өсіп, осы өлкенің мұнай-газ саласының дамуына ерекше еңбек сіңірген Мақсым Шафихұлының сайлануы - құптарлық іс. Өйткені ол біраз жылдар «Ембімұнайгаз» АҚ-ның директоры болып та абыройлы қызмет атқарды. Қазақстан мұнайының туған жерінің ғана емес, тұтас Атырау аймағының мұнай-газ өндірісін жетік білетін мұнайшы жерлесіміз бес жылға тарта аудан әкімі ретінде де қыруар іс тындырды.

«Құрмет» орденінің иегері, Жылыой мен Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы М.Ізбасов сүйікті кәсібінен қол үзбей, осылайша Атырау аймағының мұнай-газ саласының өсіп-өркендеуіне бай тәжірибесін аямай, өз үлесін қосып келеді.

Е.Қошақанов

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner