Майкөмгенге мәдениет үйі қажет

Өткен аптада Майкөмген ауылдық округінің әкімі Нұржарық Сауытов ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін берді.

Ол есебінде: «Округте 2018 жылы 65 адам жұмысқа орналасты. Кемпинг, 2 шайхана, 12 шаруа қожалығы, дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Ауылда жаңа мектеп ғимаратын салу үшін құжаттарын «ЭдемСтрой» ЖШС-ға жасақтап, сараптамаға ұсынды. Ауылішілік тасжол салу жобалау-сметалық құжаттары жасақталды. Сонымен қатар мәдениет үйі, өрт сөндіру депосы, көше жарығы, кіші аяқдоп алаңы, «Жеңіс» саябағы мен 6 га жерге сексеуіл егу жұмыстары жоспарланған», - дейді.

Ауыл тұрғындары округ әкімінің жасаған жұмыстарына риза екендіктерін айтты.

Аудан әкімі Азамат Бекет ауылдағы мәселелердің алдағы уақытта шешілетінін айтты. «Мектеп салынатын болады. Мәдениет үйін салуға құжаттары тапсырылып, тендерлік конкурс өтуде», - деді. «Учаскелік полиция қызметкеріне үй берілді ме?» деген сұрақ қойылды. Бұл мәселе әлі шешілмеген. Сондықтан аудан әкімі осы жылға сұраныс беріңіздер деген тапсырма берді.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521