Майталман мұнайшыға ескерткіш қойылды

Атырауда Сафи Өтебаевқа арналған ескерткіш ашылды

Атырау қаласында бүгін қазақ мұнайының атасы атанған Сафи Өтебаевқа арнап ескерткіш ашылды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

eskertkish5

Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылып отырған ескерткіш Атырау мұнай жəне газ университетінің ауласында орналасқан.

eskertkish7

eskertkish6

Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы əкімінің орынбасары Айбек Қрамбаев бүгінгі айтулы мерекемен құттықтап, сөз сөйледі.

- Біз қазақ мұнай-газ саласының негізін қалаушы - Сафи Өтебаевқа үлкен құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. С.Өтебаев мұнай кендерін алғашқы ашушылармен бірлесе отырып, еліміздің мұнай-газ кешенінің негізін қалады. Мұнай саласында аянбай тер төккен ағамыздың еңбегін еш уақытта ұмытылмайды,- деді Айбек Қрамбаев.

e

eskertkish4

Шараға мұнай саласында еңбек еткен ардагерлер, университет профессорлары мен ұстаздар, Сафи Өтебаевтың қызы мен баласы, сондай-ақ, студенттер қатысты.

eskertkish

eskertkish3

Айта кетейік, биыл ақпанда Атырау мұнай жəне газ университетіне майталман мұнайшының есімі берілген болатын.

eskertkish1

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521