Медиация деген не, медиатор деген кім?

«Медиация» сөзінің мағынасын қарапайым халық толықтай түсіне бермейді.

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық үлгі-өнегесі. Бұл ретте елімізде «Медиация туралы» заңның қабылдануы - өркениет көшіне батыл бет түзеген қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырып жатқандығының айқын көрінісі. Негізінен айтқанда, бұл заң - қазақ халқының дәстүрлі билері мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадам. Оның тиімді жақтары көп деп есептесек, қателеспейміз. Өйткені медиацияның біздің елімізде де болашағы зор. Оны бір деңгейде қолдасақ, халқымызға игі әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда ауданда 3 кәсіпқой медиатор, 7 кәсіпқой емес медиатор жұмыс жасайды. Аудандық сот ғимаратында, селолық округтерде медиация кабинеттері ашылған. Жалпы медиаторлар туралы ақпаратты аудандық соттан алуға болады.

Айгүл Жақсығұлова,

аудандық соттың кеңсе меңгерушісі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521