Мектеп формасы мен құралдарын алып берді

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы басталды.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Таласов ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету екенін атап өтті. Осыдан кейін 10 балаға мектеп құралдары салынған сөмке мен мектеп формасы, аяқкиімдер табыс етілді. Шараға демеушілік көрсеткен «Ақ қайың» сауда үйінің басшысы Әліби Қалдыбаев пен Сара Балжігітовалар болатын. Аталған кәсіпкерлер өткен жылы да партия филиалы жанынан ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына үлес қосқан болатын. Жаны жомарт жандарға ата-аналар ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521