ads_banner

Мектептер жаңарады

-Құрылыстың тапсырысшысы - Атырау облысы құрылыс басқармасы. Бас мердігер «Тараз құрылыс инвест» ЖШС. Аталған құрылыстың сметалық құны - 1 139 276 784 теңге. Құрылыстың нормативті ұзақтығы 8 ай деп белгіленді. 2018 жылы шілде айында басталған жұмыс биылғы жылы аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде,-дейді аудандық құрылыс басқармасының мамандары.

Ал Құлсары қаласындағы 624 орындық №6 мектептің құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарын «Игілік» бағдарламасы аясында "ТШО" ЖШС жүргізеді.

Абай атындағы (қазір №5 мектеп) мектеп талай түлекті ұшырған көне білім ордасы. Сонау соғыс жылдарынан бермен қарай тарих бетіне жазылар қалың жылнамасы бар. Осынау жылыойлықтарға аяулы білім ошағына жаңа ғимарат керек-ті. Бұл мәселе шешімі табылды.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner