Мемлекеттік қызметкерлер студенттермен кездесті

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамы Кәсіби мемлекеттік аппарат құруға, яғни мемлекеттік қызмет саласын жандандыруға бағытталған.

Осы орайда аудандағы жастарға мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндіріліп, жан-жақты насихатталды. Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған аудандағы мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау саласының мамандары, колледж студенттері қатысты.

Алдымен, Жылыой ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Гүлсім Мирманова сөз сөйлеп, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметші туралы мол мағлұмат берді. Жұмысқа орналасу үшін тапсыратын тест сынағы жөнінде түсіндірді. Келесі болып сөз сөйлеген аудандық ішкі істер бөлімінің кадр қызметкері Әлия Жылгелдиева құқық қорғау саласына қалай жұмысқа орналасуға болатыны туралы, берілетін жеңілдіктер мен сыйақыларға тоқталды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

П.Шымырбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521