ads_banner

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында айқындап берген стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін қуатты мемлекететтік аппарат қажет екендігін айтып өтті. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар да жоғары. Алдына қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік қызметші үнемі өз білім деңгейін, біліктілігін арттырып, қайта даярлау және тағылымдамадан өтіп тұруы маңызды.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім мен тәжірибе алуы мақсатында тағылымдамадан өткізіледі.

Мемлекеттік қызметші тағылымдаманы мемлекеттік органдарда, оның ішінде жоғары (төмен) тұрған органдарда, оның қызметінің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарда, сондай-ақ шетелдік ұйымдарда өте алады. Тағылымдама мерзімдері мемлекеттік органдар бекіткен тиісті кестелермен айқындалады.

Тағылымдамадан өту - Ережеге сәйкес, 3 айға дейінгі өту мерзімді құрайды.

Жалпы тағылымдама маманның кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде қызметкердің өзі үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік орган үшін де өте маңызды есептеледі.

Тағылымдаманың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер алған білімдерін алдағы уақытта жұмыстарында пайдалануға мүмкіндік беретін дағдыларды бекітеді.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында Атырау облысында 151 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтуге жоспарланды. Соның ішінде, ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары «ҚазСушар» РМК, «Аграрлық –кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-да тәжірибе алмасса, өнеркәсіп саласы бойынша Кәсіпкерлік, индустриялық–инновациялық даму басқармасының мамандары «Атыраунефтемаш», «Жигермұнайсервис», «Рауан Налко», «Атыраунефтемаш», «Атырау innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты ірі квазимемлекеттік секторларда өндірістік тәжірибеден өтті. Сондай-ақ, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы кәсіби білім мен тәжірибе алу мақсатында, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрлігінің құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінде тәжірибе алмасты.

Тағылымдамадан өту барысында мемлекеттік қызметшілер жасақталған жеке жұмыс жоспарларына сәйкес өздерінің функционалдық міндеттеріне байланысты жұмыс жасаудың нақты бағыты бойынша теориялық және практикалық тәжірибе алмасты.

Нұрмағамбетова Какима Асанбайқызы,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша

департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner