var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Мемлекеттік қызметшілерге мүмкіндік мол

Атырау облысында бірінші жартыжылдықта жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің 67,6 пайызы меритократия қағидатын сақтай отырып, жоғары лауазымдарға тағайындалды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақта мемлекеттік қызметшілердің саны күн сайын артып келеді, соның ішінде жастардың да үлесі зор. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста 29 жасқа дейінгі 421 мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды екен.

- Бүгінгі таңда кәсіби тәжірибесі бар әрбір мемлекеттік қызметші ішкі конкурстар институтының арқасында өзінің мемлекеттік органында ғана емес, сонымен қатар, республика бойынша кез келген басқа жолмен мансабын жоғарлату мүмкіндігіне ие. Өзіңіздің жұмысыңыздың қыр-сырын білу, өз міндеттеріңізді сапалы орындау, үздіксіз білім алу және өзін-өзі дамыту - бұл кәсіби және мансаптық өсу үшін жақсы трамплин, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы Расул Медетов. Айта кетейік, қазіргі уақытта Атырау облысында 3029 мемлекеттік қызметші бар. Оның 1559-ы жергілікті атқарушы органдарда жұмыс жасайды.

Атырау Өңірлік коммуникациялар қызметі

сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner