"Мен сіздерден үлкен үміт күтемін"

12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Елімізде бұл мейрам 2000 жылдан бері тойланып келеді. Осы мерекеге орай орталық алаңда «Жалынды жастар – жарқын болашақ» атты шара өтті.

 

Аудан әкімі Азамат Бекет жастарды мерекемен құттықтады.

«Жастардан көп үміт күтеміз. Олар биік шыңдарды бағындырады деп сенемін. Жұмыстарына сәттілік тілеймін», - деді ол. Бұдан соң аудан әкімі ауданымыздағы өнерде, спортта, білімде алда жүрген белсенді жастар Талғат Жұмағалиевті, Нұрбөлек Әділовті, Нұрасыл Сағынбайды, Бекежан Аманжановты, Қайсар Табылдыны, Ерболат Рахмановты арнайы алғысхатпен марапаттады. Жастар мерекесіне ауданымызға арнайы келген белгілі, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам да жастарды мерекемен құттықтады. Мерекелік кеште жастарға викториналық сұрақтар қойылды.

Аудан өнерпаздары Жайна Нұрханова "Попурри", Нұрхат Көбеев «Біздің өмір ерекше», Алиса Асуханова мен Күнімай Нариманова «Өзіңмен бірге» және Асқар Қоңыров «Өмірлік жар» әндерін шырқады. Индира Темірхан, Жасұлан Аманжолов, Айнұр Тасымова мен Асланбек Рүстемовтер де әсем кеште әдемі көңіл күй сыйлады. «Жем аруы» би ансамблі «Жастар биін» биледі. Концертті Нұрхат Көбеев пен Ақтолқын Русланова «Мен – қазақпын» әнімен аяқтады.

Ж.ШАҢҚАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521