Мереке қарсаңындағы марапат

Өткен аптада аудан әкімінің мәжіліс залында мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы Сағын Доржиковты алғыс хатпен марапаттады.

Сағын Доржиков Алматы қаласындағы Қазақстан құқық және экономика институтын бітіріп, еңбек жолын 1997 жылы жол полициясы инспекторынан бастаған. Кейін күзет взвод командирінің орынбасары, анықтау бөлімшесінің анықтаушысы, Жаңа Қаратон полиция бөлімшесінің бастығы, көші-қон полиция бөлімшесінің аға инспекторы, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, анықтау бөлімшесінің бастығы, жергілікті полиция қызметінің бастығы қызметтерінде болып, абыройлы еңбек еткен.

Билік өкілдері құқық қорғау саласында елеулі қызмет атқарған білікті басшының жауапкершілігі мен еңбегіне шынайы алғысын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік пен толағай табыстар тіледі.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521