Мобилді кеңсе ауданымызда

Осы аптада «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалы мен аудан әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен мобилдік топ Құлсары қаласы мен ауылдық округтерді аралады.

Аталған топтың мақсаты – Қазақстан Республикасыны жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тұрғындарды тарту және қаржылық құқықтық сауатын көтеру бағытында ақпараттық түсініктеме жұмыстарын жүргізу. Топ мүшелері алдыңғы кезекте «Жылыоймұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасында болып, мұнайшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіндегі модернезацияны түсіндірді. Сонымен қатар, мобильді кеңсе арқылы операциялық қызмет түрлері көрсетілді.

-Мұндай мобилді кеңсе еліміз бойынша үш облыста ғана бар. Атап айтсақ, пилоттық жоба Алматы, Талдықорған және Атырау облысында іске асуда. Мобилді кеңсе жоспар бойынша осы аптада Құлсары қаласы, Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай ауылдарында тұрғындарға қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта Теңіз кенішінде болады, - дейді «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның ауданымыздағы басшысы Г.Садешова.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521