var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Нұрлан Ноғаев: Мемлекеттік мекемелер басшылары əлеуметтік желідегі тұрғындардың шағымдары бойынша белсенді жұмыс жасаулары керек

24 тамыз сенбі күні, Атырау облысының әкімі Telegram-дағы "Атырау облысы əкімдігінің" чат-каналына тұрғындардан келіп түскен сауалдар бойынша, қаланы аралады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінгі күнге дейін чат-каналға 10 мыңнан астам тұрғын тіркеліп, чат ашылғаннан бері 6500 сұрақ қойылған. Тұрғындар қойған сауалдарға облыс әкімінің өзі және барлық мемлекеттік мекемелер басшылары тікелей жауап беруде.

1bde5ef0-0874-4d56-b22c-cd27f78c85bf

Аралау барысында Нұрлан Ноғаев тұрғындардың чат-каналда апатты жағдайдағы үйлердің мəселесі бойынша қойылған сауалға байланысты, Азаттық көшесіндегі апатты үйлерге барды. Қалалық ТКШ бөлімі мамандарының айтуынша, бұл үйлер апатты үйлердің тізіміне енген. Кезек бойынша апатты үйлер қиратылып, тұрғындарға жаңадан үйлер берілетін болады.Айта кетейік, бүгінгі таңда Атырау қаласы бойынша апатты жағдайда 71 тұрғын-үй мен 12 жатақхана бар. Осы мәселені шешу бағытында қазіргі таңда "Нурсая" және "Береке" ықшам аудандарында көпқабатты тұрғын-үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Мұнда ең бірінші 12 жатақхананың тұрғындары көшірілетін болады.

e0a93446-2bf2-4c0b-9067-c50214c61dc4

Сонымен қатар, Telegram-чатқа келіп түскен сауалдардың бірі ескі булау-тазалау станциясына байланысты. Сауалды жолдаған Атырау қаласының тұрғыны Танат Нұрымов. Тұрғынның айтуынша, кезінде вагон цистерна ішіндегі мұнай қалдықтарын тазалайтын бұл станцияның жұмысы 2006 жылы соттың шешімімен тоқтатылған.

a55308f6-036d-444b-9824-8c4c0aef8b57

d3054d59-c72c-4bde-bfc0-910436a4a8ec

Дегенмен, жұмыс тоқтатылғаннан кейін, бұл жердегі мұнай қалдықтары толық жиналмаған. Осы мәселеге қатысты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өзі сол жерге жеке барып, бұл істің қадағалануын прокурорға тапсырды.

ce850b46-c6bc-4302-94ac-292ed536594f

- Барлық мемлекеттік мекемелер басшылары əлеуметтік желідегі тұрғындардың сауалдары бойынша белсенді түрде жұмыс жасаулары қажет,- дейді Нұрлан Ноғаев.

d9db073d-813e-4e31-a81a-d2ab9dcfc571

-Мемлекет басшысы халықпен байланыс орнату үшін нақты тапсырмалар берді. Сол тапсырмаларды орындау үшін, бізде барлық жағдай қарастырылған. Облыс әкімі аралаған келесі нысан «Аяла» әлеуметтік оңалту орталығы. Бұл орталық қаладағы дамуында түрлі бұзылыстары бар және тағы да басқа ауытқуы бар балаларға арналған. Орталықтың басшысының айтуынша, жылына 500-дей баланы қабылдай алатын бұл орталықта тұзды сауна, бассейн, массаж сынды барлық жағдайлар жасалатын болмақ. Аймақ басшысы бұл орталықтың қаламызға кажетті нысан екенін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner