Нұржарықтың дауысына тәнті болды

Кәсіби мереке қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер фестивальге қатысты.

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония залында «Менің елім – Қазақстан» атты мемлекеттік қызметшілер арасында патриоттық ән орындаудан фестиваль өтті. Аталған шарада 14 қатысушы бақ сынады.

Соның ішінде ауданымыздың атынан өнер көрсеткен жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұржарық Сауытов жанды дауыста ән шырқады. Әдемі дауысына тәнті болған әділқазылар алқасы оған жоғары баға беріп, фестивальдің дипломанты атағын берді.

П.ШЫМЫРБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521