ads_banner

«NFC-20 Qulsary» жекпе-жектен халықаралық турнирі өтті

jekpejek0

Өткен аптада орталық стадионда Жастар жылы аясында тұңғыш рет «Naizа Fighting Championship 20 Qulsary» ұранымен аралас жекпе-жектен (ММА) халықаралық турнир өтті. Айта кетейік, «Naizа Fighting Championship» қазіргі таңда аралас жекпе-жектен еліміздегі үздік тұжырымдардың бірі болып саналады. Аудан әкімі Азамат Бекеттің қолдауымен жекпе-жектен мұндай халықаралық дәрежедегі дода Құлсары қаласында осымен екінші рет өткізіліп отыр. Өткен жылы ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы аясында «Жем бойындағы жекпе-жек» ұранымен аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өткен болатын.

Биылғы өткен додада Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен келген спортшыларға қарсы қазақстандық спортшылар жекпе-жек өткізді. Жекпе-жекке барлығы 24 спортшы қатысты. Спортсүйер қауым стадионға лық толды. Ортада сегіз бұрышты ринг құрылған.

Ашылу салтанатында, алдымен, Қазақстан Республикасының гимні шырқалды. Облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұржауған Төлеуова мен аудан әкімінің міндетін атқарушы Жантөре Рашев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Ауданымызда өтіп жатқан жекпе-жек додасына Қазақстанның панкратион, греплинг және ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев және тағы басқа спорт саласының саңлақтары арнайы қонақ болып келді.

Қ.Дүйсенбетов

Толығырақ "Кең Жылой" газетінің №33 санында

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner