var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Округте дала өрті оқиғасы көп

Елді мекендегі ғимараттар, электр және байланыс желілерінің ағаш бағаналары, көліктер, басқа да материалдар мен ауылшаруашылық малдары өрттің зардабына шалдығуы мүмкін.

Өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаса және оны өшірген жағдайда аса сақ болмаса, адам шығынына да алып келуі мүмкін.

Жем ауылдық округінде жазғы мезгілде дала өрттері оқиғасының орын алуы көп кездеседі.

Дала өрттерінің алдын алу үшін шабындық және жайылымдық жерлерде төмендегі көрсетілген ережелерді ұстануды тұрғындардың қаперіне береміз. Далалық алқаптарға қоқыс тастамаңыз және қоқыстарды, шөптер мен бұталарды жақпаңыз;

Табиғат аясында демалысқа шыққан кезде абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз. Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;

Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп, өртке айналуы мүмкін;

Шабындықтарда ауылшаруашылығы техникаларын пайдаланып, шөп шапқан кезде тракторлардың түтін шығарғыштарына тұншықтырғыш кигізіп қойыңыз және өздеріңізбен бірге техникаларыңызда киізден жасалған немесе жыңғыл сыпырғыштарды алып жүріңіз;

Жаңа басталған өртті сумен, жыңғыл бұталарымен сабалау және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.

Егер сіз шабындық алқабында немесе тоғай арасында өртке жақын жерде болсаңыз, өз күшіңізбен өртті сөндіруге әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескеріңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Олай мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін өрттің көлемі мен мекені туралы тұрғылықты жердің әкімшілігіне 2-91-00, 2-92-39 немесе өрт сөндіру қызметіне 101 хабарландыруы қажет.

Жем ауылдық округі әкімінің аппараты

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner