Қошақаным қайда екен...

1973-1974 жылдары 8-ауылда тұрғанда жазғы каникулда өзіміздің және көршілерімнің қозы лағын бағушы едім.

1973-1974 жылдары 8-ауылда тұрғанда жазғы үш ай каникулда өз үйімнің және көрші апаларымның қозы-лағын бақтым. Таңертең ерте тұрып, сол апаларымның ауласына кіріп, қорасын өзім ашамын.

Неше қой-ешкі барын, лақ-қозыларының санын, түстеріне дейін танып-білемін. Қой-ешкілерін ертемен мама-папалары ауылдың бақташысына қосып жібереді. Мен қозы-лақтарды, бір-екі бұзауды алдыма салып, жолдың арғы бетіне айдап шығамын. Ол уақыт - көпқабатты ықшамаудандар жоқ кез. Орнында жыңғыл тоғайлы сай болатын. Көктемде су тасығанда сол жерге су жайылып келіп, асфальтты жолға дейін жетеді. Жазда тартылып, орны көкмайсаға айналады. Қақ суындай боп қалған жайылма көлшіктен, әр жердегі үлкен сайлардың ішінен су жетпей таязда шоршып жатқан майда шабақтарды көруші едік. Оларды аяп, ұстап алып Қамыскөлге шелекпен таситынымыз есімізде. Ол байғұстардың барлығын бірдей көлге аман-есен жеткізе алмасақ та, көпшілігіне өмір сыйлап едік.

Манағы апаларымның есімдері Тұрсын, Жонас, Роза, Жұмажан, Елеш, Илаш еді. Олар ұйқыларын қандырып тұрып, өріске сағат 10-нан кете, күн шақырайып тұрғанда тамақтарын алып, асықпай жетеді. Келмей қалса, шаруасы бітті дей бер! Лақ-қозыларын жолдың бергі бетіне, ауылға қарай айдап жіберемін.

Болат Мусиев, Құлсары қаласы

Толығырақ газетіміздің №23 санынан оқи аласыздар

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521