ads_banner

Қосшағылдан көшені адаспай табасыз

Жаңа ғасырда мекен-жайдың анық-қанық болғаны маңызды. Қала болсын, ауыл болсын, көшелер атауымен, үйлер нөмірімен рет-ретімен тізіліп тұрса, бұл - сол елдегі тәртіп пен тиянақтылықтың белгісі.

Бір жүйелілік - жаңа технология заманында уақытты текке сарп етпеуге, ісіңнің сапасын арттыруға зор ықпал. Ал көше атауларының ана тілінде осы елдің тарихы мен тағылымынан сыр шертіп, ел бастаған хандары мен қол бастаған батырларының кім екенін паш етіп тұрса, бұл өткенімізге айтқан салауатымыз, келер күнге жолдаған аманатымыз болмақ.

Осындай жарқын істің бірі Қосшағыл ауылдық округінде қолға алынды. Ауылдық округ әкімшілігінің бас маманы Жанғазы Еркіновтың берген мәліметінше, Қарағай елді мекенін қосқандағы ауылдық округте 800 үйдің әрқайсысына көше атауы көрсетілген тақтайшалар ілінуде. Ал округте барлығы 42 көше бар, әрқайсысының бекітілген өз атауы бар. Ал тақтайшада көшенің атауынан басқа QR-код жазылған, осы көшедегі әр үйдің адресі енгізілген. Демек, әр үйге жапсырылған тақтайшадан көшені бірден табасыз әрі одан өзіңізге керекті үйді де оңайлықпен дөп басып біле қоясыз. Бас маманның айтуынша, бюджеттен қаржыландырылған бұл іс бүгінде өз ретімен жалғасын тауып отыр.

С.МҰРАТҚЫЗЫ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner